ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП Төлеби аудандық мәслихат депутаты, "Nur Otan" партиясы фракциясының мүшесі ретінде. "NUR OTAN" партиясының Өзгерістер жолы :Әр азаматқа лайықты өмір атты сайлауалды бағдарламасында аудан тұрғындарының өмір сүру деңгейін жан-жақты арттыруға арналған мемлекеттік және партиялық жобалар көрсетілген. Шағын және орта бизнесті дамыту-өңір экономикасының өсу резервтерінің бірі болып табылады. Төлеби ауданы , Ленгір қаласында Жеңіл өнеркәсіптің мақсаты- тұрғындардың әдемі, ең бастысы тиімді - жоғары сапалы киіммен қамтамасыз ету. Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің жақсы шикізат базалары тар: мақта, жүн, табиғи былғары. Дегенмен, ол экономикадағы "шешімін таппаған" сала болып есептеледі. жеңіл өнеркәсіп саласын оның ішінде тігін фабрикасын ашып жұмысын жандандырып отырған “KazPlast” компаниясы. Компания жұмысымен танысуға аудандық мәслихат депутаттары мен , А . Шырынбек Қ .Умирбеков, Е.Жабаев, М.Турымбетов келдік. Компанияны; Жумабаева Дана Асембековна басқарып келеді екен.Тігін фабрикасында 150 ге жуық маман жумыспен қамтылған.2021 жылы 35 жұмысшы жаңадан қабылдапты.Қазір фабрикадағы тігіншілер тіккен киімдер тек үлкен көлемдегі тапсырыспен шет мемлекттергеде сатылып жатыр екен. Сұранысы жоғары сапалы өнім тігіп отырған кәсіпорынға құрылыс саласынан көп тапсырыс келеді екен.Тігін фабрикасы қызметтік жейделер мен арнайы костюмдер тігеді.Бүгінгі таңда жұмысы қарқын алған “KazPlast”компаниясының жоспары тың.Бәсекеге қабілетті болу үшін өндірісті өркендете түспек. #NurOtanTolebi #Nurotan #baibekbk https://www.instagram.com/p/CXWKNWaoIbh/?utm_medium=tumblr











