What the hell
seen from China
seen from United States

seen from United States

seen from United States

seen from Sweden
seen from United States
seen from United Kingdom

seen from Japan

seen from China

seen from United States
seen from Singapore
seen from Netherlands

seen from Yemen

seen from United States
seen from Lithuania
seen from United Kingdom

seen from Mexico
seen from South Korea
seen from United States
seen from United States
What the hell
ХАЛЫҚТЫҢ БІРЛІКТЕ ӨМІР СҮРУІНЕ НАҚ СОЛАРДЫҢ АРҚАСЫНДА! Төлеби аудандық мәслихат депутаты, "Nur Otan" партиясы фракциясының мүшесі ретінде. "NUR OTAN" партиясының Өзгерістер жолы :Әр азаматқа лайықты өмір атты сайлауалды бағдарламасында аудан тұрғындарының өмір сүру деңгейін жан-жақты арттыруға арналған мемлекеттік және партиялық жобада көрсетілгендей. "Ардагерлерді ардақтайық" Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне орай, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығымен «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен ауданымыздың соғыс ардагерлері Капустина Александра Петровна мен Жумағулов Рысмет атамыз марапатталды. Ұлттық мерекенің қарсаңында біздер, "NUR OTAN" партиясынан сайланған депутаттары, мәслихат хатшысы Қойбағаров Нұрлан және Қ. Умирбеков, мен А.Шырынбек қала әкімі Құлышев Нұргелдімен бірге соғыс ардагерлерінің үйіне барып,оларды Ұлттық мерекемен құттықтай отырып кеуделеріне мерекелік медальды тақтық. Ардагерлеріміз бейбітшілік үшін қан төккендерін айтып, еліміз Тәуелсіздік алған жылдардағы кезең жөнінде әңгімеледі. Барша қазақ елін бақытымыздың бастауы болған ең ұлық мереке Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтай отырып. Бейбіт өміріміз үшін қан төккен ардагерлерімізге бас йіп оларға тағзым жасаймыз. #tolebi_nurotan #tolebi_maslihat #nur_otan #lenger_info #jastar https://www.instagram.com/p/CXrOIo_oN7G/?utm_medium=tumblr
Төлеби аудандық мәслихат депутаты,Төлеби аудандық "Nur Otan" филиалы жанындағы Аграрлық секторды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңесітің төрағасы және "Nur Otan" партиясы фракциясының мүшесі ретінде. 2021 жылы 30 маусымда Мемлекет басшысы жер заңнамасын жетілдіру жөніндегі Заңға қол қойды, жер ресурстарын тұрақты басқаруға бағытталған бірқатар маңызды жаңашылдықтар қабылданды. Іс жүзінде жер қатынастары саласы әрбір азаматтың мүддесін қозғайтынын ескере отырып, ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті жанынан жер мәселелері бойынша тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган құру туралы шешім қабылдады. Аталған органның құрамына ҚР Парламент депутаттары, қоғамдық пікір көшбасшылары, ауыл шаруашылығы, құрылыс, жеке тұрғын үйлер құрылысы, өнеркәсіп және басқа да салалардағы жер мәселелерін көтеріп жүрген белсенді азаматтар кіретін болады. Консультативтік-кеңесші орган жер қатынастары саласын реформалау бойынша қажетті өзгерістерді талқылау және қабылдау алаңына айналады. Министр Жер ресурстарын басқару комитетіне осы органды құру үшін қысқа мерзімде барлық қажетті іс-шараларды жүргізуге тиісті тапсырмалар берді. #nurotan #jastar #NurOtanTolebi https://www.instagram.com/p/CXViIhboSkX/?utm_medium=tumblr