Жуырда фэйсбук əлеуметтік желісінен осы бір суретті көріп қалдым... Расыменде, барлығымыз тойлайтын болдық бұл шырша мерекесін. Ешкім жасыра алмайды. Жаңа жылды тоқтату керек деп барлығы көгілдір экранда сайрап жатып, өздері қолдарына шампан алып, 31 желтоқсан жақындағанда, кешіріңіздер қателесіп кеттім, 10 желтоқсан келгенде алдын-ала дайындалып, базарлардан шырша іздеп шарқ ұрады. Одан қалса телеарналар жарыса жаңа жылдың мерекелік кешін алдын-ала түсіріп қойып дайын отырады. Шіркін, 22 Наурыз мерекесінде адамдар неліктен солай абыр-сабырға түспейді екен?! Неліктен Ақпан айы бітуге таяғанда Наурызға солай дайындалмайды екен???? Керісінше далаға анау қой деді, мынау былай деді деп 3 күн қалғанда Киіз үй (қазақ үй) тігіп бір атақ үшін қоя салады. Тез - тез өткізе сала жым - жырт көше түк болмағандай бола қалады. Біреу қазір, ақылсынбай одан да қазақ екеніңді көрсеткің келсе "неге шапан киіп жүрмейсің?", "сен өмірден қалып қойғансың ба?, қазір заман басқа" деп ақыл айтады.. Сонда өзіміздің салтымыз кімге керек? Жай ғана аты ғана қалғаны ма? 31 желтоқсан түні араққа сылқия тойып алып бір - бірінің жағасына жармасып, ертең көрместей жағдайға душар болады. Əріптестер жиналып алып тойлатып, бір-бірінің алдында бөседі ай шіркін, жоқ дүниені əңгіме етіп! Қазір 16 желтоқсан өтпей жатып Астанамыздың, жоқ, барлық қалалардың алаңдарында шырша дайын тұр! Кіммен жарысып, кімді таңқалдырамыз ондай əрекетпен??? (at Astana, Kazakhstan)










