Сәлем достар, мен @inga_imanbay’ға жасаған логомның жайын түсіндіріп кетейін. Кей дизайнер әріптестерім байқағандай, @hillaryclinton’ның логосына ұқсастығы плагиат емес, әдейі жасалған сілтеме (отсылка) болатын. Хиллари ханымның логосы танымал ғой, адамдар өздері де түсінетін шығар деп ойлайм. Ал Хиллариға сілтеуімнің себептері мынадай: • Бұған дейін де жасалған Демократиялық Партияның логосы да АҚШ демпартиясының логосына сілтеме еді. Сол жолды жалғастырдым. Саяси идеалогиясы мен құндылықтары ұқсас шетелдік партияларды үлгі етіп алудың еш ағаттығы жоқ. • Хиллари мен Инганың саяси ұқсастықтары көп. Мысалы екеуінің де жұбайы танымал саясаткерлер. Екеуінің де саяси карьераны алдымен жұбайы бастап, өздері қостаған. Екеуі де мықты әйел саясаткерлер) • Хиллари 2016 жылы АҚШтың тұңғыш әйел президенті болатын потенциалы болған. Тіпті көп штатта жеңіп шыққан. Инганың да сондай потенциалы бар. • Екеуі де демократ. • Алға бағыт көрсететін Н> белгісі штабтың «БІЗ ӨЗГЕРТЕМІЗ» ұранының мағынасына сәйкес келеді. Енді сұрақ жоқ деп ойлайм) #DemTeam #hillaryclinton #politicalwomen #бізөзгертеміз #ингаиманбай #ингаиманбаева #сайлау2023 #democrats (at Almaty, Kazakhstan) https://www.instagram.com/p/Co9UBwosi4Y/?igshid=NGJjMDIxMWI=












