Қымбатты мама! Бұл күнде сізге перзенттік махаббатымыз жүрек түпкірінде әрдайым тербетіп жүретін ең ізгі де ыстық сезімімді білдіргім келеді. Тағдырдың жазуымен бұйырған төрт перзентіңізді бір өзіңіз аялап, бізді жеткізсем деп талай күндеріңіз бен түндеріңізді күлкісіз де ұйқысыз өткізгеніңіздің қандайлық азап екенін алдымыз балалы болып, соңымыз сізге күйеу бала мен немере қуанышын сыйласақ деген ойда жүргенде жете түсінгендейміз. Содан да болар, жан-жаққа тарап кетсек те есіл-дертіміз өзіңіз жылытып отырған алтын ұямызда, «алтындарымның бірі келіп қалар ма екен», деп үлкен жолға үнемі көз тігіп жүретін өзіңізде. Торыққанда – ақылшымыз, жабыққанда – сағынышымыз, өзіңізсіз. Мынау өмір сіз арқылы қызық, мағыналы, қымбат. Құдай сізге алдағы кезде тек бақытты ғұмырын бергей. Жүрегімді жарып шыққан бар ізгі тілектерім өмірдегі ең қымбатты да ардақты жан – ана, өзіңе арналады. Бізді өмірге әкеліп, ақ сүт беріп, аялап өсіріп, тұмсықтыға шоқтырмай, осы күнге жеткізгенің үшін алдыңда мәңгі қарыздармыз. Мейірім мен махаббаттан жаралған кең жүрегіңізден, қызуы тұла бойымызды жылытқан ыстық алақаныңыздан, айналайын деп маңдайымыздан емірене сүйіп, еркелеткен үніңізден артық біз үшін ешнәрсе жоқ. Анашым, жүзіңізден шуақ кетпей, біздің ортамызда күліп-ойнап, шаттыққа кенеліп, бақытқа бөленіп жүре беріңіз Анашым сіз менің жұмағымсыз.Сізге деген алғысым да, махаббатым да шексіз.Өмірге мән беріп қарасам сізден асқан адам да,сізден асқан байлықта жоқ екен.Сіздің кей сөздеріңізді тыңдамағаным үшін кейде өзімді жек көрем.Сіздің бізге берген жылуыңызды,қамқорлығыңызды ешкім,ешқашан бере алмайтынына көзім жетті.Йә анашым мен ер жеттім,есейдім.Бірақ,сіз үшін әрдайым бала болып қала беретінім сөзсіз.Қарға да, баласын аппағым демейме? Анажаным мына қысқа өмірде сізге қанша алғыс айтсамда артық етпейді.Бала болдық,балалық жасап жүріп дана болдық.Өзіміздікі дұрыс,бәрін өзіміз жасаймыз дейтін едік.Мен қатты қателесіппін.Сіз біздің тынысымыз екенсіз.Сізсіз кеудемдегі жүректің соғуы екі талай екен түсіндім. Кешір ана ренжіткен күндерім үшін, Кешір ана мұңайтқан түндерім үшін. Ақылыңды тыңдамай кей-кездері, Еркелеп жүргенім үшін. Йа, анашым біздің сізге деген алғысымыз деп білгейсіз..Алл (at Мой любимый Тараз!) https://www.instagram.com/p/CCLBu8bhRvMdcyCETGMP9IblxYdftkkbtDqRPA0/?igshid=1la1j2pd2frx7