«Obama Hope» жанры және үзілмеген үміт. АҚШ суретшісі Фейри Шепардтың 2008 жылы Барака Обаманың сайлауалды науқанына арнап жасаған HOPE (ҮМІТ) деп аталатын постері үздік деп танылып, бүкіл әлемде бостандық талап ету мен оппозициялық саясаткерлердің сайлауалды шерулерінде қолданылатын протестік жанрға айналған. Осы еңбегі үшін Бостон заманауи өнер институты Фейриді ең ықпалды суретші деп атаған. Мен әрине Фейри сияқты мықты суретші емеспін. Бірақ сол жанрға еліктеп бірдеңе істеп көрдім. Егер елімізде дені сау, әділ сайлау өткенде, бәлкім дәл қазір Жанболат Мамайдың сайлау науқанына арнап постер жасап отырар ме едім. Бірақ авторитарлы билік бәсеклестіктен қорқып, саясаткерді жалған айыппен қамауда ұстап отыр. Сол себепті ел болып, Жанболат Мамайдың бостандығын талап етіп, сайлау науқанынан еш кем түспейтін #FreeMamay науқанын бастауымыз керек деп есептейм. Өзгерістен үміт үзбей, саясат үшін біріксек қана, үмітімізді ақтайтын тәуелсіз саясаткерлер билікке келеді. #ЖанболатқаБостандық #ObamaHope #Poster (at Hope) https://www.instagram.com/p/CiTwAXjqG5w/?igshid=NGJjMDIxMWI=









